Қазақстандағы мейрамханаларды автоматтандыру
Қолдау 24/7
Сату бөлімі
Техникалық қолдау 24/7
OPENSERVICE / БОС ОРЫН

Енгізу бойынша маман

Жұмыс тәжірибесі
1 жыл
Жұмыспен қамту
Толық
Жұмыс форматы
Кеңседе
Кеңсе
Ақтау, 9-шағынаудан, 8-үй
Кесте
5/2
Қолға алатын жалақы
айына 150 000 ₸ бастап
Жүргізуші куәлігі
Қажет емес

Бос орын туралы

СӘЛЕМ, МҮМКІН БОЛАШАҚ ӘРІПТЕС!

Бiз, Open Service, мейрамхана бизнесін автоматизациялау бойынша ҚР-дағы көшбасшы компаниямыз. Өнімдеріміздің арасында танымал iiko жүйесі бар.

Қазақстанда 2018 жылдан бері Алматы қаласынан бастап жұмыс істеп келеміз және белсенді өсуді жалғастырудамыз: Астанада филиал аштық, сондай-ақ Open Service Ресейде және шетелдерде де бар. Сол себепті де біз мамандарды іздейміз.

Бiз бізбен бірге өсіп, мейрамханалардың жақсаруына көмектесетін әріптес іздейміз!

БІЗ ҰСЫНАМЫЗ:

  • Бизнесті жүйелеу және масштабтау саласындағы көшбасшы компанияда жұмыс істеу;

  • Ашық әрі түсінікті уәждеме жүйесі: оклад + бонустар;

  • Жұмыс кестесі: 5/2, сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін;

  • Басшы — біліктілікті арттыруға және өсуге көмектесетін өте мықты тәлімгер;

  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу;

  • Жоғары білікті қызметкерлерден құралған керемет ұжым, демократиялық атмосфера, дресс-кодтың және артық бюрократияның болмауы;

  • Белсенді корпоративтік өмір: әсерлі іс-шаралар, хоббиді төлеу, стратегиялық сессиялар мен шетелдегі корпоративтер, мерейтойларға арналған сыйлықтар және оқыту — біз әркімді бағалаймыз!

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР:

  • Клиентпен белсенді қарым-қатынас жасау (ашық болу және адамдармен тіл табыса білу);

  • ЖЕЛ (жергілікті есептеу желісі / слаботочка) монтажы;

  • Қысқыш құралды (RJ45 обжимник / кримпер) пайдалана білу;

  • UTP кабелінің не екенін білу;

  • Ішкі желі (подсеть), негізгі шлюз, IP және MAC мекенжайы не екенін түсіну;

  • Қосымша желілік жабдықтарды (Switch, Mesh жүйелері) орнату, баптау және монтаждау;

  • Жаңа немесе ауыстыру жабдықтарын орнату;

  • Кассалық жабдықтарға бастапқы диагностика жасау, мүмкіндігінше ақауларды орнында жою;

  • Windows ОС және iiko БҚ орнату;

  • Тізілім (реестр), оқиғалар журналы, қызметтер (службы) мен драйверлерді түсіну;

  • Жұмыстарды тапсырыс берушінің аумағында және қашықтан жүргізу;

  • Тапсырыс берушімен және компания ішіндегі аралас бөлімдермен жоба бойынша коммуникация жүргізу.

БІЗДІҢ КҮТЕТІНІМІЗ:

  • Iiko, R-Keeper БҚ-да жұмыс істеу білімі мен тәжірибесі үлкен артықшылық болады;

  • Кассалық жабдықтарды, Windows ОС қолдау тәжірибесі мен білімі;

  • Сервис орталығында немесе мейрамхана бизнесі саласындағы қолдау қызметіндегі жұмыс тәжірибесі құпталады;

  • Серверлердің, компьютерлердің, ноутбуктердің, оргтехниканың аппараттық бөлігін және олардың жұмыс істеу принциптерін білу.

БІЗ КОРПОРАТИВТІК КҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҰСТАНАМЫЗ:

  1. Шешімдер тілінде сөйле;

  2. Үйрен және үйрет;

  3. Бізге бәрібір емес.

Қажетті дағдылар

Ерекшелік және БҚ (ПО): iiko, R-Keeper, Paloma365, Windows 10/11, БҚ орнату және баптау. Желілер және Жабдықтар: ЖЕЛ монтажы (слаботочка, UTP), TCP/IP, Switch / Mesh жүйелерін баптау, компьютерлерді жөндеу және баптау, RJ-45 қысу (обжим), кассалық техниканы диагностикалау. Soft Skills: Сауатты сөйлеу, іскерлік қарым-қатынас, клиенттерге консультация беру, командада жұмыс істей білу.

Бос орынға өтінім беру

ҚоңырауWhatsAppӨтінім